Банк карталарымен төлем FreedomPay төлем жүйесі («Фридом Банк Қазақстан» АҚ) арқылы жүзеге асырылады.
Төлемге VISA және MasterCard карталары, сондай-ақ Google Pay қабылданады.
Интернет арқылы төлем қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің Ережелеріне сәйкес құпиялылық пен төлем қауіпсіздігін сақтау қағидаттарымен жүзеге асырылады, ол үшін деректерді тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналары арқылы берудің заманауи әдістері қолданылады. Банк картасының деректері FreedomPay қорғалған төлем бетінде енгізіледі.
Банк картасының деректерін енгізу бетінде карта нөмірін, карта иесінің атын, картаның қолданылу мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет болады. Барлық қажетті деректер картаның өзінде басылған.
Үш таңбалы қауіпсіздік коды – картаның сыртқы жағындағы үш сан.
Одан әрі сіз SMS арқылы келетін 3DSecure кодын енгізу үшін өз банкіңіздің бетіне бағытталасыз. Егер 3DSecure коды келмесе, картаңызды шығарған банкке хабарласу қажет.
Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:
- банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, бұл туралы өз Банкіңізге хабарласу арқылы білуге болады;
- банк картасында төлеу үшін қаражат жеткіліксіз. Банк картасындағы қаражаттың бар-жоғы туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы біле аласыз;
- банк картасының деректері қате енгізілген;
- банк картасының қолданылу мерзімі өткен. Картаның қолданылу мерзімі әдетте картаның алдыңғы жағында көрсетіледі (бұл карта жарамды болатын ай мен жыл). Картаның қолданылу мерзімі туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы біле аласыз;
Банк картасымен төлеу мәселелері және сайттың жұмысына байланысты өзге де мәселелер бойынша мына телефонға хабарласа аласыз: +7 700 280 32 68.
Сіз беретін жеке ақпарат (аты, мекенжайы, телефоны, e-mail, банк картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етілмейді. Несиелік картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің Web-серверде сақталмайды.
Билеттерді қайтару ережелері
Картамен төлеген кезде қолма-қол ақшамен қайтаруға жол берілмейді. Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі.
- билетті сайтта, билет бетінде, рейс жөнелгенге дейін 6 (алты) сағаттан кешіктірмей қайтаруға болады – билет құнының 80%-ы (сексен пайызы) қайтарылады; қайтарылатын сома қайтаруды растағанға дейін көрсетіледі;
- рейс жөнелгенге дейін 6 (алты) сағаттан аз уақыт қалғанда, рейс жөнелгеннен кейін немесе жолаушы отырғаннан кейін билет қайтарылмайды;
- рейсті тасымалдаушы болдырмаған жағдайда билет құны толық көлемде қайтарылады.
Қайтарудың толық шарттары жария шарт-офертаның 8 және 9-бөлімдерінде баяндалған.
Ақша төлем жасалған банк картасына қайтару рәсімделген сәттен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде қайтарылады. Мерзім мереке және демалыс күндерін есептемегенде жұмыс күндерімен есептеледі.
Егер сайтта қайтаруды рәсімдеу мүмкін болмаса, support@saparga.kz поштасына жазыңыз немесе +7 700 280 32 68 телефонына қоңырау шалыңыз.
Қатемен жүргізілген операциялар бойынша ақшаны қайтару үшін жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі және қате есептен шығаруды растайтын чектер/түбіртектер қоса берілген жазбаша өтінішпен support@saparga.kz мекенжайына жүгіну қажет. Мұндай қайтарудың сомасы қате есептен шығарылған сомаға тең.
Электрондық билетті жеткізу (алу) ережелері
Электрондық билет төлем расталғаннан кейін бірден сатып алу кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі, сондай-ақ хаттағы сілтеме арқылы сайтта қолжетімді. Толығырақ – «Электрондық билет» бетінде.